426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда балалар онлайн оқу үшін қоқыс жинайды

  • 108
  • UPD: 08:54, 16.09.2020
Индонезияда балалар онлайн оқу үшін қоқыс жинайды

Индонезияда коронавирус кесірінен жарты жыл бұрын мектептер жабылып қалғаннан кейін балалар қашықтан білім алуға мәжбүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда шалғайдағы өңір тұрғындарында интернет жоқ. Дегенмен, балалар тапқырлық танытып, онлайн оқудың амалып тапқан. Оқушылар пластик қалдықтар жинап, оны жергілікті қоқыс жинау орталығына тапсырады. Ал оның иесі балаларға интернетке қосылуға мүмкіндік береді. Мәселен, бала 2 келі қоқыс жинаса, аптасына үш рет 3 сағаттан интернетте отырады. Сонымен қоса балаларды онлайн оқу мүмкіндігінен айырмау үшін волонтерлер де атсалысып жатыр.

Абдул Манаф, волонтер:

– Билік онлайн оқу жайлы жария еткеннен кейін оқушылардан қашықтан білім алудың қиындықтары жайлы шағымдар көбейіп кетті. Сондықтан біз көлікке роутер орнатып, онымен шалғайдағы ауылдарды аралаймыз. Сонда балалар интернетке қосыла алады.

Хабар 24 телеарнасы