424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда жасы 100-ден асқан қарттардың рекордтық саны тіркелді

  • 102
  • UPD: 08:47, 16.09.2020
Жапонияда жасы 100-ден асқан қарттардың рекордтық саны тіркелді

Олардың саны 80 мыңдық межеден асып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дені, дәлірек айтсақ, 88% әйелдер екен. Тиісті санақ қарттар күніне орай жыл сайын жүргізіліп отырады. Бір қызығы, 1963 жылы алғаш рет тиісті санақ жүгізу кезінде жасы жүзден асқан 153 қария ғана бар еді. Сөйтіп жарты ғасырдан астам уақыт ішінде олардың саны 500 есе артқан. Дәрігерлер оны мемлекеттің озық медициналық технологияларымен байланыстырып отыр. Сондай-ақ жапондықтардың өздері де күтініп, денсаулығына көп көңіл бөледі.

Хабар 24 телеарнасы