426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Билл Гейтстің әкесі өмірден өтті

  • 125
  • UPD: 09:33, 16.09.2020
Билл Гейтстің әкесі өмірден өтті

Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстің әкесі Уильям Гейтс 94 жасында бақилық болды.

Бұл туралы Билл Гейтс өзінің блогында хабарлады.
- Кеше әкем туған-туыстарының ортасында жан тәсілім етті. Оған деген сағынышымызды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Қайғы жұтып отырмыз, бірақ ол кісіге деген алғысымыз да шексіз. Осы уақыт аралығында әкем секілді тамаша жан қасымызда болды, оның ақыл-кеңесін естіп өстік. Сондықтан да өзімізді жолы болғандардың қатарына қосамыз, - деп жазды миллиардер.

New York Times басылымының мәліметінше, У.Гейтстің қазасына Альцгеймер ауруы себеп болған.

Хабар 24 телеарнасы