426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус әлемді 20 жылға құлдыратып жіберді

  • 180
  • UPD: 09:48, 16.09.2020
Коронавирус әлемді 20 жылға құлдыратып жіберді

Індеттің таралуы бойынша Үндістан, АҚШ және Бразилия көш бастап тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індетке байланысты ауқымды зерттеу жүргізген Билл Гейтс пен Мелинда Гейтс қоры баяндамасын жариялап, коронавирус әлемді 20 жылға құлдыратып жібергенін мәлімдеді.

Жер бетінде кедейлердің саны 7%-ке өсіп, халықаралық ұйымдардың жылдар бойы қол жеткізген жетістіктерін күйреген. Бірақ сарапшылар туризм саласы қалпына келсе дағдарысты 2-3 жылда еңсеруге болатынын айтады. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: «Әлем тағы бір осындай індеттің таралуына дайын емес», – деп отыр. «Себебі мұндай вирустарға көңіл бөлінбейді», – дейді. Қазіргі коронавирустың адам ағзасына салдары да толық зерттелмеген. 

Тедрос Аданом Гебрейесус, ДДСҰ бас директоры :

– Біз қазір балалар мен жасөспірімдердің де коронавирус жұқтырып, тіпті өзгелерге таратушы екенін де білеміз. Рас, олардың ағзасы біршама төтеп беретін секілді. Себебі балалар мен жасөспірімдер арасында өлім көрсеткіші аз. Ал шын мәнінде денсаулығына қаншалықты әсер етіп жатқаны әзірше жұмбақ. Салдары қандай болатынынан да хабарсызбыз. Сондықтан әсіресе балалар мен жастарға қаншалықты зиян келтіретінін зерттеуге тиістіміз. Сонымен бірге мейлінше зардап шекпеу жолын табу керек.

Хабар 24 телеарнасы