Жаңа Зеландияда пойызбен соқтығысқан мектеп автобусының жүргізушісі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған.
Ал 40 оқушы әртүрлі дене жарақатын алған. Бұл туралы Radio New Zealand хабарлайды.
Оқиға Веллингтоннан солтүстікке қарай 140 шақырым жерде орналасқан Палмерстон-Норт қаласындағы теміржол өткелінде болған. Салдарынан алты оқушы ауруханаға жатқызылған.
Қалалық аурухана дәрігерлері олардың жағдайы қанағаттанарлық деп отыр.
Пойыз машинисі зардап шекпеген. Оқиғаның себебі анықталып жатыр