424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекия тұрғындары мигранттарды көшіруді талап етіп жатыр

  • 70
  • UPD: 11:34, 16.09.2020
Грекия тұрғындары мигранттарды көшіруді талап етіп жатыр

Грекияның Лесбос аралында тағы наразылық шеруі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы көшеге жергілікті тұрғындар шықты. Халық биліктің миграциялық саясатына наразы.

Митилини қаласының орталығына жиналған адамдар үкіметтен аралдағы мигранттарды ұстамай босатуды талап етуде. Тұрғындар биліктің босқындар үшін жаңа лагерь ашқанына ашулы. Халық: «Сыртқы қысымға қарамастан, мигранттарды құрлыққа жіберу керек», – дейді. Еске сала кетейік, өткен сейсенбіде Лесбос аралындағы «Мориа» мигранттар лагері өртеніп, 12 мыңнан астам босқын далада қалған.

Жергілікті билік тез арада жаңа шатырлы қалашық салғанмен, мигранттардың көбі оған баруға қарсы. Жаңа орынға тек 800 адам қоныстанған.

Эрифилли Чиотелли, жергілікті тұрғын:

– Біз үкіметтен құпия ойынды доғарып, аралдағы босқындарды өзге жерлерге көшіруді сұраймыз. Биліктің аралда босқындар үшін жаңа лагерь салуына қарсымыз. Үкімет бұл келімсектерді тез арада жөніне жіберіп, құрлыққа қарай өтуіне жол ашуы тиіс.

 

Германия 1500-ден астам мигрантты қабылдайды

Ал Германия «Мориа» лагерінде өмір сүрген 1500-ден астам мигрантты қабылдауға келісті. Бұл туралы вице-канцлер Олаф Шольц мәлімдеді. Оның айтуыша, Германияға 408 отбасы қоныстанады. Бұған дейін Германия 150 жасөспірімді қабылдайтынын хабарлаған.

Хабар 24 телеарнасы