Суданда соңғы төрт күнде тасқын судан зардап шеккендер саны 160 мыңға көбейіп, 720 мыңға жетті.
102 адам табиғи апаттың құрбаны болды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі БҰҰ-ның гуманитарлық құрылымдарына сілтеме жасай отырып хабарлады.
Бұл елде 71 мыңнан астам үй қирап, тағы 72 мыңы зақымданды, 3,3 мыңнан астам мал қырылды.