426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда жарылыстан кемі екі адам көз жұмды

  • 97
  • UPD: 12:26, 16.09.2020
Ауғанстанда жарылыстан кемі екі адам көз жұмды aa.com.tr

Ауғанстанның солтүстік-шығысында орналасқан Тахар провинциясында мотоцикл жарылды.

Салдарынан кемінде екі тұрғын көз жұмып, тағы 12 адам жарақат алған. Бұл туралы Tolo news хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, мотоциклге қойылған қолдан жасалған жарылғыш зат іске қосылғанда, бірнеше газ баллоны қоса жарылған. Оқиға орнына жақын орналасқан бірқатар дүкен ғимаратына нұқсан келген.

Хабар 24 телеарнасы