426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда ата-аналар онлайн оқытуға қарсы шеру өткізді

  • 79
  • UPD: 15:03, 16.09.2020

Грузияда коронавирус індетінің екінші толқыны басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күніне 160-тай науқас тіркеліп жатыр. Осыған байланысты үкімет бірқатар шектеуді қайта енгізді. Мәселен, алты ірі қалада оқу орындарын жауып, қашықтан оқытуға ауыстырды. Бұған наразы ата-аналар қауымдастығы Тбилисиде наразылық шеруін ұйымдастырды.

Ереуілшілер елдегі бүкіл оқу орындарын ашуды талап етті. Жазда үкімет оқуды өз мезгілінде бастауға уәде берген еді. Кейбір колледждер, жеке меншік мектептер мен балабақшалар 1 қыркүйектен бастап жұмысқа кірісті. Алайда таяуда үкімет жаңа шешім қабылдады.

Георгий Гахария, Грузия премьер-министрі:

– Ірі қалаларда жоғары оқу орындары мен мектептерде оқу қазанның 1-інде басталады. Бізге қауіп-қатерді дұрыс бағалау үшін екі апта қажет. Осыдан кейін эпидемиологтармен бірлесіп, қосымша шешімдер қабылдаймыз.

Ал шеруге шыққан ата-аналар бұған қарсы. Балалары дұрыс білім алып жүрген жоқ деп санайды. Әсіресе кіші сыныптардың оқушыларына қашықтан сабақтарды меңгеру қиын.

Александра Пермякова, шеруші:

– Кішкентай балалардың монитор алдында 4-5 сағат отыруы дұрыс емес деп ойлаймын. Оларға ақпаратты меңгеру өте қиын. Жұмыс істеп жүрген ата-аналары да сабақтарын түсіндіруге қиналып кетті.

Шерушілердің айтуынша, онлайн оқытудың бар ауыртпалығы ата-анаға түседі. Ал басты мәселе: балалар оқу бағдарламасын игере алмай отыр. Үкімет шеруге шыққан халықтың мәселесін қалай шешетіні белгісіз. Алайда елдегі эпидемиологиялық жағдай мәз емес.

Авторы: Юлия Тужилкина

Хабар 24 телеарнасы