429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оклахома-сити қаласындағы зауыттан өрт шықты

  • 177
  • UPD: 13:58, 16.09.2020
Оклахома-сити қаласындағы зауыттан өрт шықты

Оклахома-сити қаласының маңындағы қалдықтарды қайта өңдеу зауытында өрт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, өрт сағат таңғы 04:00 шамасында шыққан.

Зауытқа келген жұмысшы ескі автокөліктер үйілген жерден шыққан түтінді байқап, өрт сөндірушілерге хабарлады. Оқиға орнына дереу жеткен олар бірнеше сағат бойы тілсіз жаумен арпалысты. Өртке не себеп болғаны әзірше белгісіз. 

Хабар 24 телеарнасы