420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорния, Орегон және Вашингтон штаттарында 100-ге жуық өрт ошағы тіркелген

  • 91
  • UPD: 13:58, 16.09.2020
Калифорния, Орегон және Вашингтон штаттарында 100-ге жуық өрт ошағы тіркелген

АҚШ-тың Тынық мұхиты жағалауындағы орман өртінен аймақтағы қалаларды қалың түтін басты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Калифорния, Орегон және Вашингтон штаттарында 100-ге жуық өрт ошағы тіркелген. Тілсіз жаумен 30 мыңға жуық өрт сөндіруші күресіп жатыр. Бірақ күннің райы өртті өшіруге кедергі болып тұр. Орегонда лаулаған жалыннан тараған түтіннен Портленд қаласы қатты зардап шегуде. Ауаның ластануы қалыпты жағдайдан ондаған есе артқан. Жергілікті билік халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына тегін маска таратылатынын жеткізді. Аймақта 40 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Һисса Убидиа-Лукет, Портленд қаласының тұрғыны:

– Қаланы түтін тұмшалап, жағдайымыз қиындады. Коронавирустан көшеге шыға алмай, үйде отырғанымызға бірнеше айдан асты. Енді, міне, індетке орман өрті қосылып, не істерімізді білмей далмыз. Әсіресе балаларға қиын болды.

Хабар 24 телеарнасы