421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-қа «Салли» дауылы жақындады

  • 84
  • UPD: 14:37, 16.09.2020
АҚШ-қа «Салли» дауылы жақындады

Мексика шығанағында соққан «Салли» дауылы АҚШ жағалауына жақындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты Флорида, Миссисипи, Лузизиана және Алабама штатында тұрғындарға қауіпсіз жерге көшу ескертілген. Қазір ұйытқыған жел Алабама штатындағы Мобайл қаласынан 135 шақырымдай жерде соғуда.

Ол қаупі бойынша екінші дәрежелі дауыл қатарына жатқызылған. Синоптиктер: «Дүлей жел құрлыққа жеткенде екпіні сағатына 145 шақырым жылдамдыққа дейін күшейеді», – деп отыр.

Дауылмен бірге мол жаңбыр жауып, елді мекендерді су басу қаупі жоғары. Бірқатар штатта төтенше жағдай жарияланған.

Хабар 24 телеарнасы