426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 5 миллионнан асты

  • 103
  • UPD: 15:28, 16.09.2020
Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 5 миллионнан асты

Соңғы бір тәулікте вирус 92 мыңнан астам адамнан анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дерттен 1 мыңнан астам науқас қайтыс болды. Сарапшылар шектеулерді алғаннан алдағы апталарда індеттің таралуы күшейіп, науқастардың саны артатынын айтады. Бірақ билік елде дерттен жазылып шыққандар көрсеткіші 78%-ті құрайтынын алға тартып, жалпыұлттық карантинді қайта енгізуден бас тартқан.

5 миллионнан астам науқастың 4 миллиондайы жазылып кеткен. Бірақ індеттен Үндістан экономикасы сәуір-маусым айы аралығында 24%-ға дейін қысқарып, миллиондаған адам жұмыссыз қалған.

Хабар 24 телеарнасы