426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Филиппинде әскери тікұшақ құлап, төрт адам қаза тапты

  • 102
  • UPD: 15:49, 16.09.2020
Филиппинде әскери тікұшақ құлап, төрт адам қаза тапты

Филиппиннің оңтүстігіндегі Басилан провинциясында әскери тікұшақтың апатқа ұшырауынан кем дегенде төрт адам қаза тапты.

Апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болған.

Жергілікті биліктің айтуынша, тікұшақ құлағанға дейін оқиға болған жерде қатты жел соғып, артынан нөсер құйған.

Апат болған жерден төрт адамның мәйіті табылды. Тікұшақ азаматтық персоналды эвакуациялау үшін Замбоанга қаласынан Холоға бет алған.

Хабар 24 телеарнасы