420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда жүк көлігі аударылып, бір топ адамды басып қалды

  • 88
  • UPD: 17:36, 16.09.2020
Қытайда жүк көлігі аударылып, бір топ адамды басып қалды

Қытайдың Хэнань провинциясының орталығында қиыршық тас тиелген жүк көлігі аударылып, бір топ адамды басып қалды – 8 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды.

Жол апаты кеше таңертең Синьян қаласының Шанчэн уезінде болған. Бұл туралы Синьхуа хабарлады.

Алғашында жүк көлігіне тиелген сарымсақ жолға шашылған. 

«Мұны естіген жақын маңда тұратын тұрғындар шашылған сарымсақты теруге келген. Кейінірек қиыршық тас таситын тағы бір жүк көлігі жолдың осы бөлігінде аударылып, сарымсақ түйірлерін жинап жүрген адамдарды басып қалды», - делінген хабарламада.

Екі адам оқиға орнында көз жұмды, ал алты адам ауруханада қайтыс болды. Қазіргі уақытта зардап шеккен 11 адамның жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Жергілікті билік қайғылы жағдайдың себептерін тексеру үшін арнайы топ құрды.

Хабар 24 телеарнасы