420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда мұғалімдерден коронавирус анықталып, мектептер қайта жабылды

  • 65
  • UPD: 08:40, 17.09.2020
Өзбекстанда мұғалімдерден коронавирус анықталып, мектептер қайта жабылды

Өзбекстанда мұғалімдерден коронавирус анықталып, мектептерді қайта жабуға тура келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел астанасы Ташкентте өз жұмысын екі білім ошағы тоқтатуға мәжбүр. Естеріңізге сала кетейін, көрші елде осы аптаның басында жаңа оқу жылы басталып, оқушылар үшін алғашқы қоңырау соғылды. 6 млн шәкірттің тең жартысы мектепке барып оқуды қаласа, қалғаны сабаққа онлайн қатысуды жөн көрген. Ал оқу ордалары ашылмас бұрын республикадағы барлық мұғалім коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін тест тапсырғанын айта кеткен жөн. Нәтижесінде Самарқанд облысында 250-ге тарта, Бұқара өңірінде 200-ден астам, ал Әндіжан аймағында 50 шақты ұстаздан коронавирус анықталды.

Хабар 24 телеарнасы