420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канадада белгісіз біреу тоғыз адамды қағып кетті

  • 53
  • UPD: 09:53, 17.09.2020
Канадада белгісіз біреу тоғыз адамды қағып кетті CTVNews

Канаданың Монреаль қаласында көлікке мінген белгісіз біреу жеті ересек адам мен екі баланы қағып кетті.

Бұл туралы құқық қорғау органдарына сілтеме жасай отырып CTV телеарнасы хабарлайды.

Оқиға сәрсенбі күні болған. Алдымен 38 жастағы жүргізуші бір адамды қағып, өзі қашып кеткен.  Кейінірек оның тағы алты ересек адам мен екі баланы қаққаны анықталды.

- Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша, ешқайсысының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, - деп мәлімдеді полиция өкілі Мануэль Кутюр.

Хабар 24 телеарнасы