420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде есту қабілеті нашар адамдарға арналған маскалар тігіле бастады

  • 58
Ресейде есту қабілеті нашар адамдарға арналған маскалар тігіле бастады

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында есту қабілеті нашар адамдарға арналған маскалар тігіле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың кәдімгі медициналық бетпердеден ерекшелігі – ортасында пластик экраны бар. Сонда есту қабілеті нашар жандар өзгенің әңгімесін аузына қарап, еш қиындықсыз түсіне алады. Сурдомасканың бір данасының құны – 250 рубльдей. Теңгеге шаққанда, бір жарым мың шамасында. Шеберхана қызметкерлері алғашқы партияға арнап 1000 бетперде тігеміз деп отыр. Ол Есту қабілеті нашар адамдардың бүкіл ресейлік қауымдастығының Санкт-Петербугтегі бөліміне жеткізіледі. Алайда қазірдің өзінде өзге өңірлерден көп тапсырыс түсіп жатқан көрінеді. 

Ольга Шульгина, жоба авторы:

– Маска терлетпейді. Адамның бет-аузы анық көрінеді. Бетпердені 1 сағат тағу керек. Бұл уақыт өткенде, басқасына алмастырған жөн. Не болмаса балаларға арналған сұйық сабынмен сүртіп алып, әрі қарай таға берсе болады.

Хабар 24 телеарнасы