426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда мигранттар лагеріне өрт қойды деген күдікпен 6 адам тұтқындалды

  • 93
Грекияда мигранттар лагеріне өрт қойды деген күдікпен 6 адам тұтқындалды

Барлығы да – Ауғанстаннан келген босқындар. Арасында кәмелетке толмаған екі жеткіншек бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл оқиға өткен аптада Грекиияның Лесбос аралында болды. Мұнда Мориа мигранттар лагері бірнеше күн ішінде екі рет өртенді. Салдарынан ол тұруға жарамсыз болып қалды. Негізі бұл орын 3 мың босқынды қабылдауға арналған екен. Алайда шын мәнісінде 13 мың адам тұрып жатыпты. Билік бірден өртке мигранттардың өздері кінәлі деген. Өйткені сол кезде бірнешеуінің коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бірақ науқастар карантиндік шараларға қарсы болған. Оның үстіне босқындар әуелден-ақ лагерьдегі адам төзгісіз жағдайлар жайлы айтып келген. Енді билік жақын маңда шатырлар тігіп, сол орындарды уақытша паналауды ұсынып отыр. Алайда оған жергілікті тұрғындар қарсы. 

Хабар 24 телеарнасы