429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2021 жылы әлем экономикасының қалыпқа келуі қиын – ЭЫДҰ

  • 128
2021 жылы әлем экономикасының қалыпқа келуі қиын – ЭЫДҰ

Экономикалық сарапшылар 2020 жылға талдау жасап, әлем экономикасы көпшілік айтқандай әлсіз кейіпке түспейтінін айтады.

Алайда 2021 жылы жалпы жағдайдың қалыпқа келуі қиын. Өйткені коронавирус бәрібір өз әсерін тигізеді дейді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сарапшылары осындай қорытындыға келді. Жаздың басында ұйым сарапшылары әлемдегі жалпы ішкі өнім 6% кемитінін болжаған еді. Алайда қазір бұл жорамалын қайта қарастырып, төрт жарым процентке қысқарады деп отыр. Ірі экономикалардың арасында жылдың аяғына дейін тек Қытай экономикасы өседі. Ал келесі жылы АҚШ пен Германия тез арада еңсе тіктеуі мүмкін. Мамандардың пікірінше, егер мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе, соның арқасында кәсіпорындардың көбісі аман қалды. Табыссыз қалған жұрт та көмекке зәру. Экономиканы тез арада қайта ретке келтіру үшін ұйым сарапшылары мемлекеттік көмекті таза энергия мен инфрақұрылым құруға және жаңа жағдайға бейімделген мамандарды даярлауға бағыттауды ұсынып отыр.

Лоранс Бун, ЭЫДҰ бас экономисі:

– Экономиканы көтеру оңайға соқпас. Дегенмен соған білек сыбына кірісу қажет. Ол үшін бағытты айқындап алған дұрыс. Әсіресе кәсіпорындарға көмек көрсету маңызды. Мемлекеттік қолдау шараларын тым ерте алып тастауға болмайды. Ол табыстан айырылғандарға қайта жұмыс табу үшін, ал кәсіпорындарға қайта құрылып, инфрақұрылымына инвестициялар тарту үшін керек. Бұған дейінгі дағдарыс сабақ болуы тиіс. Мемлекет қолдау көрсетпесе кәсіпкерлердің оңалып кетуі қиын.

Хабар 24 телеарнасы