426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Boeing 737 MAX: екі бірдей ұшақ апатына кім кінәлі ?

  • 85
Boeing 737 MAX: екі бірдей ұшақ апатына кім кінәлі ?

Boeing 737 MAX үлгісіндегі екі бірдей ұшақтың апатын тексерген АҚШ Конгрессі өкілдер палатасының комитеті қорытынды баяндамасын жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар апатқа ұшақ үлгісін жасап шығарған инженерлердің жіберген қателері себеп болған дегенді алға тартады. Сондай-ақ бақылау органдарының да кінәсі бар. Олар жаңа ұшақтың сапасынтексеруді «Boeing» корпорациясының өзіне тапсырыпты. Ал компания болса, Airbus-пен бәсекелестік салдарынан ба, тиісті тексерулер өткізбей, ұшқыштардан маңызды ақпаратты жасырды. Мұның соңы 346 адамның қазасына әкелді. Еске салып кетсек, 2018 жылдың қазан айында индонезиялық әуекомпанияның ұшағы, ал осыдан бес ай өткеннен кейін эфиопиялық әуекомпанияның ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Тергеу көрсеткендей, бұған ұшақ қозғалысын түзетуге арналған компьютерлік жүйедегі ақау себеп болған.

Хабар 24 телеарнасы