426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Уханьға COVID-19 таралғалы бері алғаш рет халықаралық ұшақ қонды

  • 94
  • UPD: 12:05, 17.09.2020
Уханьға COVID-19 таралғалы бері алғаш рет халықаралық ұшақ қонды

Жеті айдың ішінде алғаш рет Қытайдың Ухань қаласының әуежайына халықаралық жолаушылар ұшағы қонды.

Коронавирус пандемиясы басталғалы бері халықаралық әуе рейстері тоқтатылған болатын.

Xinhua агенттігінің хабарлауынша, Сеулден Уханьға ұшып шыққан T'way Airlines ұшағы Қытай уақытымен 10:48-де әуежайға қонған. Қалаға келген барлық жолаушы арнайы қонақ үйлерге жіберілді, онда олар екі апта бойы карантинде болады.

Хабар 24 телеарнасы