426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та үйде отырып коронавирусқа тест тапсыруға мүмкіндік туды

  • 97
  • UPD: 13:23, 17.09.2020
АҚШ-та үйде отырып коронавирусқа тест тапсыруға мүмкіндік туды

АҚШ-та екі компания коронавирусқа қарсы үйде 15 минуттың ішінде өткізуге болатын тест ойлап тапты.

Экспресс-тест жасанды ақылды қолданылып жүзеге асырылады. Ол үшін адам мақта оралған таяқшамен мұрыннан жағынды алып, оны буферлі ерітіндісі бар құтыға салуы тиіс. Одан кейін құтыдан тест-кассетаға тамшы тамызылады. Осы үлгіні суретке түсіріп, жасанды ақылмен жұмыс істейтін арнайы қосымша арқылы жіберу керек. Тесттің қорытындысы 15 минуттың ішінде дайын болады. «Селлекс» компаниясының хабарлауынша, тесттің оң нәтижеге сезімталдығы 90, ал теріс нәтижеге 100 процент екен. Тест АҚШ Азық-түлік пен дәрі-дәрмектің сапасын бақылау басқармасы бекіте салысымен сатылымға шығарылмақ.

Хабар 24 телеарнасы