426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайлық миллиардерге дәулетті өмір сүруге тыйым салынды

  • 129
  • UPD: 13:03, 17.09.2020
Қытайлық миллиардерге дәулетті өмір сүруге тыйым салынды

Сот HNA Group төрағасы, қытайлық миллиардер Чень Феннің сән-салтанатқа ақша жұмсауына тыйым салды, деп хабарлады South China Morning Post.

Аталған тыйым компанияның қарыздарына байланысты болып отыр.

Енді кәсіпкер күнделікті өмірге және жұмысқа аса қажет емес заттарды сатып ала алмайды.

Миллиардерге ұшақпен ұшуға да тыйым салынды, тек пойызды пайдалана алады.

Сондай-ақ оған жылжымайтын мүлік сатып алуға, қымбат жөндеу жұмыстарын жүргізуге, сәнді қонақ үйлерге кіруге, клубтарға баруға және сәнді кеңселерді жалға алуға тыйым салынды.

Хабар 24 телеарнасы