Беларусь республикасының тергеу комитеті оппозиция жетекшілерінің бірі Мария Колесниковаға қарсы қылмыстық іс қозғады.
Оған Қылмыстық Кодекстің Ақпарат құралдары мен интернет желісін қолданып, елдің ұлттық қауіпсіздігіне зиян келтіретін әрекетке үндеу бабы бойынша айып тағылды. 7 қыркүйекте Минск қаласының орталығында беймәлім біреулер Колесникованы шағын автобусқа күшпен мінгізіп алып кеткен болатын. Келесі күні билік өкілдері Украинаға қашпақ болған Мария Колесникованы қамауға алғанын жариялады. Ал өзі болса, елден күштеп шығармас үшін шекарада төлқұжатын жыртып тастауға мәжбүр болғанын мәлімдеді.