426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та орман өрттерінің кесірінен ауа ластанды

  • 94
  • UPD: 14:20, 17.09.2020
АҚШ-та орман өрттерінің кесірінен ауа ластанды

АҚШ-та өршіген орман өрттерінің кесірінен ауа ластанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жасыл алқап өртеніп жатқан Калифорния, Орегон және Вашингтон штаттарындағы елді мекендерді қою түтін мен күлден тұратын орасан зор бұлттар басып кетті. Орегон штатының бес қаласында тыныс тарылуына байланысты тұрғындардың дәрігерлерге қаралуы тым жиелеп кетті. Өрт тез арада мыңдаған шаршы шақырым ауданға тарап кеткендіктен, күйе секілді денсаулыққа зиян заттар ауаға тарап кетті. Жергілікті билік өкілдері тұрғындарды үйден қажетсіз шықпауға шақырып отыр.

Лилиана Осегуера, жергілікті тұрғын:

– Бұрын-соңды мұндайды көрген емеспін. Үйдегі терезелердің жабық болуын үнемі қадағалауға мәжбүрміз. Балалық шақта астмаға душар болдым. Ұлым да осы кеселге ұшырау алдында. Сондықтан сақтануымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы