427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың Филадельфия қаласында атыс болды

  • 131
АҚШ-тың Филадельфия қаласында атыс болды

АҚШ-тың Филадельфия қаласында атыс болып, 1 жасөспірім мен ер адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Тағы 2 кісі жарақат алды. Оқиға шаһардағы баскетбол алаңдарының бірінде болды. Үш қарулы қылмыскер төрт адамның артынан қуып бара жатып, оларға оқ жаудырады. Осы кезде саябақтағы баскетбол алаңында 30-дай адам болған. Оқиға орнына келген полиция бір күдіктіні қамауға алды. Бірақ оның атысқа қатысы бар-жоғы белгісіз. Тергеу жүріп жатыр.  

Хабар 24 телеарнасы