427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда бір тәулікте 2200 адам коронавирус жұқтырған

  • 154
  • UPD: 22:34, 17.09.2020
Германияда бір тәулікте 2200 адам коронавирус жұқтырған

Бұл өткен аптадағы көрсеткіштермен салыстырғанда әлдеқайда көп, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Жаңа деректер елдің түрлі аймақтарында тіркеліп жатыр. Гамбургте бардың 2 қызметкерінің вирусты жұқтырғаны расталды. Енді олармен қарым-қатынаста болды деген күдікпен 600 мейман іздестіріліп жатыр. Алайда бұл оңай шаруа емес болып шыққан. Өйткені бар қонақтарының көбі шын есімін жасырып, жалған мәліметтерді көрсетсе керек. Айта кеткен жөн, Германия билігі Еуропадағы үш қаланы: Вена, Амстердам мен Будапештті қауіпті аймақтар деп жариялады. Осы ретте билік тұрғындарды шетелге шықпай, күзгі және қысқы демалысты отанында өткізуге шақырып отыр.

Мария Адебар, Германия сыртқы істер министрлігінің өкілі:

– Біз әлемдегі коронавирус ахуалын, әсіресе көрші Австриядағы жағдайды жіті бақылап отырмыз. Өткен аптадан бері неміс туристеріне онда жаңа деректердің артып бара жатқанын ескертіп келеміз. Егер қандай да бір елде не өңірде жеті күн бойы 100 мың адамға шаққандағы оқиғалар саны 50-ден асса, оны қауіпті аймақ деп жариялаймыз. Қазір ондай өңірге бүкіл Испания, Францияның бірнеше аумағын, Брюссель, Болгарияның бір бөлігін, Хорватия, Румыния мен Чехияны жатқызуға болады.

Хабар 24 телеарнасы