432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропарламент Лукашенконы Беларусь президенті ретінде мойындамайды

  • 154
Еуропарламент Лукашенконы Беларусь президенті ретінде мойындамайды

Еуропарламент Александр Лукашенконы Беларусь президенті ретінде мойындаудан бас тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Сөйтіп оппозицияның координациялық кеңесін халықтың уақытша өкілі ретінде жария етті. Парламентарийлер тиісті қарар қабылдап, Беларусь халқына қолдау білдіріп отыр. Осылайша еуродепутаттар Латвия, Литва мен Эстония секілді Александр Лукашенкоға қарсы санкция енгізуі ұсынды. Олар биыл 9 тамызда өткен президенттік сайлауда халықаралық стандарттар бұзылғанын айтады. Сол себепті оппозицияның халықаралық бақылаушылардың қатысуымен жаңа сайлау өткізу бастамасын қолдап отыр.

Хабар 24 телеарнасы