427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирустың әлемдік экономикаға тигізген залалдық көрсеткіші анықталды

  • 142
Коронавирустың әлемдік экономикаға тигізген залалдық көрсеткіші анықталды

Әлемдік экономика коронавирустық пандемияға байланысты келесі жылдың аяғында 7 трлн доллар жоғалтады.

Бұл туралы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) бас экономисі Лоранс Бун Les Echos газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, әлемдік экономика тез қалпына келмейді.

COVID-19-бен тағы да бірнеше ай өмір сүруге тура келеді деп пайымдайды маман. Ол экономиканы дағдарысқа дейінгі жағдайына тез арада оралу мүмкіндігін жоққа шығарды. Ол болып жатқанын жағдайды «үлкен соққы» деп атады.

Экономист егер кейбір мемлекеттер бюджеттік қолдауды тоқтатса, бұл жағдайды одан сайын ушықтыратынын айтты.

Хабар 24 телеарнасы