423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбекстан қазанның бірінен бастап шекарасын ашады

  • 775
  • UPD: 08:48, 18.09.2020
Өзбекстан қазанның бірінен бастап шекарасын ашады

Енді көрші мемлекетке әуе, теміржол және автокөліктер арқылы өтуге мүмкін болмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Қазақстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Ауғанстаннан келетін азаматтар коронавирустың жоғын растайтын ПТР-тест нәтижесін өзімен бірге алып келуі тиіс. Сосын 14 күндік карантинді мейманханада не үйде өткізуге дайын болуы шарт. Алайда турфирмалар арқылы өзбек еліне саяхаттайтын туристер карантинге жатқызылмайтынын айтып кеткен жөн. Бірақ келген бетте олардан вирус анықталатын болса, онда бұл саяхатшылар өз есебінен ем алып, кейін бірден елдеріне қайтуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы