425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбританияда коронавирусқа жасалатын тест тапшы

  • 250
  • UPD: 08:48, 18.09.2020
Ұлыбританияда коронавирусқа жасалатын тест тапшы

Тексеруге жазылатын электрондық жүйеге шамадан көп тапсырыс түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Осы ретте тұрғындар сағаттап кезекте тұруға мәжбүр. Жалпы соңғы уақытта корольдіктегі эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады. Кейінгі тәуліктің өзінде 4 мыңға жуық жаңа дерек тіркелген. Осы ретте билік коронавирусқа жасалатын тест санын арттыратынын айтады. Келесі айда корольдікте күніне 500 мыңға дейін тексеру жүргізу көзделіп отыр. 

Келли Аткинс, жергілікті тұрғын:

– Төрт күн бойы тестке жазыла алмай, әлекке түстім. Сағат сайын тексеріп отырдым. Сөйтіп әрең дегенде кеше ғана жазылдым. Лотереядағы ұтыс сияқты болды ғой. Балаларымда да ауру белгілері бар. Алайда оларды тестке жазайын деп ем, бұдан түк шықпады. Сөйтіп бәріміз бірге барып тапсырып кетеміз бе деген оймен бір өзім ғана жазылдым.

Хабар 24 телеарнасы