430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Туризмді қайта жандандыру үшін 2-4 жыл керек – мамандар

  • 164
  • UPD: 08:47, 18.09.2020
Туризмді қайта жандандыру үшін 2-4 жыл керек – мамандар

Коронавирустан кейін туризмді 2019 жылдың деңгейіне дейін қайта қалпына келтіру үшін 2 жылдан 4 жылға дейін кетуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».  

БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік туризм ұйымы осындай болжам жасап отыр. Сарапшылар шектеу шараларын біртіндеп алып тастап, вакцина дайын болғанда, 2021 жылы сала қайта жандана бастауы мүмкін дейді. Ал әзірге бұл сектор қызметкерлері шығындарын есептеп жатыр. Халықаралық ұйым мамандарының хабарлауынша, биыл оның көлемі 460 миллион долларға жеткен. Бұл 2008 жылғы дағдарыстан бергі рекордтық көрсеткіш. Коронавирустан туризмі ең көп зардап шеккен өңір – Азия. Одан кейін Еуропа, Африка, Таяу Шығыс пен АҚШ тұр.    

Хабар 24 телеарнасы