423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нью-Йоркте алғашқы қоңырау әлі соғылмайды

  • 208
Нью-Йоркте алғашқы қоңырау әлі соғылмайды Euronews

Нью-Йорк қаласының әкімі Билл де Блазио қаладағы мектептердің ашылуын тағы да кейінге қалдырды, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Тағы да дейтініміз, қыркүйектің басында соғылуы тиіс алғашқы қоңырау осы айдың 21-не сыңғырлауы тиіс еді. Алайда баспасөз маслихатында Блазио қала мектептері оқушы қабылдауға әлі толық дайын емес екенін айтып, бала оқытуға әзірше рұқсат берілмейтінін жеткізді. Және ашылу кезегі бірнеше кезең бойынша жүретіндігін мәлімдеді. Қазіргі кестеге сәйкес, білім ордаларына алғашқы болып бес жасқа дейінгі бүлдіршіндер бара алады. Ал бастауыш сынып оқушылары қыркүйектің 29-нан бастап мектеп табалдырығын аттай алады. Жоғары сынып оқушылары үшін мектеп қабырғалары тек қазанның 1-нен бастап қана ашылады. Аталған сақтық шаралары Нью-Йорк мектептерінде оқитын бір милионнан астам оқушының қауіпсіздігі мен мектеп қабырғаларындағы дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында жасалып отыр дейді Де Блазио мырза.

Билл Де Блазио, Нью-Йорк қаласының мэрі:

– Жауапкершілік артылған кезде әр істің байыбына баруға тиістімін. Рас, мектептердің ашылуын кейінге қалдыру оңай шешім емес. Қауіпсіздік тұрғысынан келгенде бірден бір дұрыс таңдау дер едім. Өзім де, менің әріптестерім де мектеп ісін назарда ұстап, оқуды ұйымдастырудағы мәселелерді неғұрлым жылдам шешуге мүдделі болып отырмыз. Бірнеше күн бұрын  2000 мыңға жуық мұғалімдерді және білім беру саласының мамандарын жұмысқа алғанымызды хабарлаған едім. Бүгін тағы да екі жарым мыңға жуық маманды қызметке қабылдағанымызды мәлімдеймін. Біз Нью-Йорктегі білім беру жүйесінің қауіпсіз болғанын қалаймыз. Балалардың денсаулығына бей-жай қарай алмаймыз.

Хабар 24 телеарнасы