427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда алғашқы ұшатын көліктің сынағы сәтті өтті

  • 223
  • UPD: 10:12, 18.09.2020
Түркияда алғашқы ұшатын көліктің сынағы сәтті өтті

Ыстамбұлда Baykar Defence компаниясы Cezeri ұшатын көлігінің алғашқы сынағын өткізді. Бұл туралы Global News хабарлады.

Ұшатын машинаның прототипі 10 метр биіктікке көтерілген.

Алайда көлік әлі де жетілдірілген соң сағатына 100 шақырымға дейінгі жылдамдықпен екі мың метрге дейінгі биіктікке көтеріле алады.

Компания аталған көліктің нарықта 10-15 жылдан кейін пайда болатынын алға тартуда. Енді келесі сынақта көлік ұшқыштың басқаруымен ұшатын болады.

Хабар 24 телеарнасы