432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда компаниялар қызметкерлерін қысқартатынын жариялады

  • 176
Францияда компаниялар қызметкерлерін қысқартатынын жариялады

Жарты жыл бойы тыныштық сақтаған Франция кәсіподақтары қайта белсенген секілді, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Бұл жолы жұртты көшеге бастап шықты. Наразылық шаралар елдің барлық ірі қалаларында өтті. Санитарлық шектеулерге қарамастан Париждегі шеруге 10 мыңдай адам шыққан. Ереуілге шыққандар пандемияға байланысты дағдарыс кезінде адамдарды жұмыстан шығармауды және жалақыны көтеруді талап етті. Сондай-ақ олар үкіметтің экономикаға қолдау көрсету жоспарына қарсы. Өйткені қолдау мақсатында жекеменшік компанияларға 100 миллиард еуро бөлінбек. Кәсіподақ басшылары қаржылай көмек берілетін кәсіпорындарға қызметкерлерін қысқартпау шартын қою керек деп санайды. Өйткені қазірдің өзінде Франциядағы компаниялар қызметкерлерін қысқартатынын жариялай бастады. Мысалға, азық-түлік саудасына дағдарыстың зияны тимесе де, супермаркеттердің ірі бір жүйесі 1500 адамды жұмыстан шығармақ.

Эрик Гоэн, шеруші:

– Франция үкіметі ұлттық экономикаға қолдау көрсету мақсатында қыруар қаржы бөлмекші. Кезінде әлеуметтік қорғау шараларына ақша таппап еді. Сонша қор енді қайдан шыға қалды? Әлеуметке мән бермей, тіпті экологияға тигізетін зиянын да еспетемей, кәсіпорындарға ақша үлестіріп бермекші. Індетке қатысы жоқ кәсіпорындар да жағдайды пайдаланып, жұмыс орындарын қысқартып жатыр. Ал біз оларға миллиардтап ақша құюды ойлайды. Қайтарымсыз қаржылай көмек көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы