427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та жарты млн-нан аса үй жарықсыз қалды

  • 120
  • UPD: 10:35, 18.09.2020
АҚШ-та жарты млн-нан аса үй жарықсыз қалды Лига - LIGA.net

АҚШ жағалауына соққан «Салли» дауылының салдарынан Алабама, Флорида және Джорджия штаттарында нөсер жауын жауды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғи апаттан бір адам қаза тауып, тағы біреуі із-түзсіз жоғалып кетті. Жарты миллионнан аса үй жарықсыз қалды. Толасыз жауған жаңбырдың соңы су тасқынына ұласып кетті. Мексика шығанағында сағатына 169 шақырым жылдамдықпен соққан дауылдың екпіні қазір басылды.

Логан Эстил, жергілікті тұрғын:

– Дауыл кешке қарай күшейді. Таң ата тереземіз шытынай бастағанын сездік. Әйнегі шыдамаған ғой. Шатырымыздың бір бөлігін жел жұлып әкетті.

Алдын ала есеп бойынша, «Салли» дауылының залалы 3 миллиард долларға жетуі мүмкін. Бұл соңғы үш аптада Мексика шығанағының жағалауына соққан екінші дауыл. Жалпы табиғи апаттан төрт штат – Флорида, Луизиана, Миссисипи жән Алабама зардап шеккен. 

Хабар 24 телеарнасы