432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Камбоджада тұрғын үйге жай түсіп, алты адам қаза тапты

  • 173
  • UPD: 12:28, 18.09.2020
Камбоджада тұрғын үйге жай түсіп, алты адам қаза тапты

Камбоджаның Баттамбанг провинциясындағы тұрғын үйге найзағай түсті.

Салдарынан алты адам қаза тауып, төртеуі жараланды, деп хабарлады Khmer Times.

Найзағай жергілікті уақыт бойынша шамамен 18:00-де бір отбасы мүшелері кешкі ас ішуге жиналған кезде түскен.

Алты адам оқиға орнында қаза тапты, тағы төрт адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды және провинциялық мемлекеттік ауруханаға жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы