427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайлық хакерлер испаниялық COVID-19 вакцинасы туралы деректерді ұрлаған

  • 129
  • UPD: 14:53, 18.09.2020
Қытайлық хакерлер испаниялық COVID-19 вакцинасы туралы деректерді ұрлаған

Қытайлық хакерлер коронавирусқа қарсы вакцина жасап жатқан испан орталықтарынан ақпарат ұрлады, деп хабарлады El Pais.

Испанияның ұлттық барлау орталығының директоры Эстебан Лопестің айтуынша, хакерлер фармацевтика және денсаулық сақтау сияқты салаларға жиі қастандық жасайтын болған. Сондай-ақ киберқылмыскерлер COVID-19-ға қарсы вакцина шығару мақсатында жұмыс істейтін зертханаларға шабуыл жасаған.

Оның айтуынша, Испанияның вакцина жасайтын орталығына қытайлық хакерлер шабуылдаған. Дегенмен ұрланған мәліметтердің қаншалықты құнды екендігі белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы