427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде коронавирус жұқтырғандар саны артты

  • 154
  • UPD: 18:16, 18.09.2020
Мәскеуде коронавирус жұқтырғандар саны артты

Мәскеуде соңғы тәулікте 805 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – 26 маусымнан бергі ең жоғары тәуліктік көрсеткіш. COVID-19-бен күрес бойынша жедел штаб мамандарының айтуынша, қазір қалада жасалатын тест саны көбейген. Деректердің артуы да соған байланысты көрінеді. Мәселен, осыған дейін шаһарда бір күнде 40 мың тексеру жүргізілсе, қазір ол көрсеткіш 70 мың шамасында екен. Жалпы ауру белгілері бар тұрғындардан бөлек, Мәскеуде медициналық және әлеуметтік қызметкерлер, білім беру мекемесі, көлік қызметі және полиция өкілдері тексеріліп жатыр.

Анастасия Ракова, Мәскеу мэрінің әлеуметтік даму сұрақтары жөніндегі орынбасары:

- Жазғы маусым аяқталып, тұрғындардың көбі қалыпты өмірге оралды. Сондықтан коронавирусқа тексерілуге деген сұраныс артты. Бұл түсінікті. Өйткені жұрт өзінің және жақындарының қауіпсіздігі үшін алаңдайды.

Жалпы соңғы тәулікте бүкіл Ресей бойынша 5905 жаңа дерек расталған. Бір күнде 134 науқас көз жұмған. Марқұмдардың көбі Санкт-Петербург тұрғыны.

Хабар 24 телеарнасы