432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда өмір сүру ұзақтығы бойынша рекорд орнатылды

  • 188
  • UPD: 23:21, 18.09.2020
Жапонияда өмір сүру ұзақтығы бойынша рекорд орнатылды фото: ria.ru

Жапонияда өмір сүру ұзақтығы бойынша кезекті рекорд тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күншығыс елінде Канэ Танака есімді кейуана 117 жас 260 күнге толды. Ол әлі 120 жас мерейтойын атап өтуге ниетті екенін айтады. Бұған дейін әлемнің ең қарт адамы басқа бір жапондық әжей саналып келген. Ол 2018 жылы 117 жас 260 күн болғанда дүниеден озған. Жақында ғана Жапонияда жасы 100-ден асқан қарттардың рекордтық саны тіркелді. Олардың саны 80 мыңдық межеден асқан. 88%-і әйелдер екен. Дәрігерлер мұны мемлекеттің озық медициналық технологияларымен байланыстырады. Жапондардың өздері де күтініп, денсаулығына көп көңіл бөледі.

Хабар 24 телеарнасы