432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда COVID-19 жұқтырған науқастар саны артты

  • 171
  • UPD: 10:59, 19.09.2020
Францияда COVID-19 жұқтырған науқастар саны артты

Француз билігі елде коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсіп жатқан тұрғындар санының артуына алаңдаулы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір эпидемиологиялық ахуал нашар аудандарда жан сақтау бөліміндегі орындардың 30% осы науқастар алып жатқан көрінеді.

Елде күнделікті 10 мыңнан аса жаңа деректер тіркеліп отыр. Осы ретте билік қарттар үйіне баруға шектеу қойып, кейбір өңірде 10 адамнан артық жиналуға тыйым салды. Бұған дейін ірі шараларға 10 мың кісіге қатысуға рұқсат берілсе, енді ол көрсеткіш 5 мыңға дейін қысқарды. Дәрігерлердің топшылауынша, жағдай осылай жалғаса беретін болса, Марсель қаласында бірнеше аптадан кейін жансақтау бөліміндегі орындардың бәрін коронавирус жұқтырған науқастар алып жатуы мүмкін.

Оливье Веран, Франция денсаулық сақтау министрі:

– Індет өршіп тұрған өңірлер Марсель мен Гваделаупада санитарлық жағдай жақсармаса, яғни жансақтау бөліміндегі науқастар саны азаймаса, біз қазіргіден де қатаң шаралар енгізуге мәжбүр боламыз. Әрине, бұл шешім жергілікті деңгейде қабылданады. Дегенмен, барлар жабылып, кісі көп жиналатын іс-шараларға тыйым салынуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы