432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ демократтары «қытайлық вирус» тіркесін қолдануға тыйым салды

  • 159
  • UPD: 10:58, 19.09.2020
АҚШ демократтары «қытайлық вирус» тіркесін қолдануға тыйым салды

АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы COVID-19-ды «қытайлық» не «уханьдық вирус» деп атауға тыйым салатын қарар қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша құжат індетке қатысты антиқытайлық көзқарас танытуды қатаң сынға алады. Негізі осы өкілдер палатасындағы демократтар басымдыққа ие. Олар республикалық партия өкілдерін, соның ішінде Дональд Трампты коронавирусты «қытайлық вирус» деп атағаны үшін талай мәрте сынға алған болатын.

Демократтардың пікірінше, бұл америкалықтар тарапынан азиялықтарға деген нәсілшілдіктің өршуіне әкеп соқтырады.

Хабар 24 телеарнасы