427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ аумағында TikTok және WeChat жүктелмейді

  • 168
  • UPD: 10:57, 19.09.2020
АҚШ аумағында TikTok және WeChat жүктелмейді

АҚШ аумағында 20 қыркүйектен бастап «WeChat» мессенджері мен «ТikТоk» әлеуметтік желісін жүктеуге тыйым салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Рейтер агенттігі елдің сауда министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Сөйтіп енді америкалықтар тиісті жаңа турларды орната алмайды. Билік тұғындарды телефонынан бұл қосымшаларды өшіріп тастауға міндеттемейді. Бірақ Apple және Google компанияларына өз платформаларынан оларды алып тастауға тура келеді.

Айта кеткен жөн, танымал «WeChat» мессенджері мен «ТikТоk» сервисіне қытайлық компаниялар иелік етеді. Тамызда Дональд Трамп америкалықтарға ол компаниялармен келісім жасауға тыйым салды. Президенттің пікірінше, «WeChat» пен «ТikТоk» басшылары АҚШ тұрғындарының жеке деректерін Қытай билігіне жіберіп отырады.

Хабар 24 телеарнасы