430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар саны 2 млн 100 мың адамға өсті

  • 133
  • UPD: 11:43, 19.09.2020
Әлемде соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар саны 2 млн 100 мың адамға өсті

Әлемде соңғы бір аптада коронавирус жұқтырғандар саны 2 млн 100 мың адамға өсіп, дертке шалдыққандар қарасы 30 млн-нан асты.

Көктем соңынан бері апталық көрсеткіштің алғаш рет көбеюі тіркеліп отыр.

Індеттің таралуы, ең алдымен, Үндістан, Аргентина, Израиль, Франция, Чехия және Украинада күшейген. Үндістаннан басқа елдердің бәрі санитарлық шараларды қатаңдатып жатыр. Израиль алғаш болып карантинді қайта енгізді. Ал дерттен қайтыс болғандар саны бойынша АҚШ, Бразилия, Үндістан көш бастап тұр. Құрама штаттарда коронавирустан көз жұмғандар саны 200 мыңға тақаса, Бразилияда жұқпалы кеселден 135 мыңға жуық адам қайтыс болған.

Үндістанда 84 мың науқас тіркелген. Ал әлемде COVID-19-дан емделіп жатқандардың саны 8 млн-ға жуықтайды. 20 млн-нан астам адам жазылып шықты.

Хабар 24 телеарнасы