432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аргентинада вирустың таралуы қайта күшейді

  • 198
Аргентинада вирустың таралуы қайта күшейді

Дерт жұқтырғандар саны 600 мыңнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Латын Америкасындағы бұл мемлекетте соңғы аптада вирусты күн сайын 10 мыңнан астам адам жұқтырып, дертке шалдыққандардың жалпы саны 600 мыңнан асты. Індет елдің ішкі аудандарында көп тарала бастаған. Науқастар санының артуынан ауруханаларда орын жетіспей жатыр. Жағдайдың нашарлауына байланысты билік жалпыұлттық карантинді 11 қазанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Жергілікті тұрғын:

– Түсініңіздер, мән беріңіздер, бұл оңай дерт емес. Маған сеніңіздер. Басынан өткергендер жақсы түсінеді. Сондықтан үйден шықпаңыздар. Баларыңыздың қасында болып, олардың денсаулығын қадағалаңыздар. Көшеге бірнеше секундқа шығудың өзі қауіпті, тап сізге оқтаулы мылтық кезеніп тұр деп есептеңіз.

Хабар 24 телеарнасы