427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда коронавирус қайта қарқын алды

  • 154
Ұлыбританияда коронавирус қайта қарқын алды

Ұлыбританияда коронавирустың таралуы күшейіп, билік індеттің екінші толқыны басталғанын айтуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, бір тәулікте қауіпті вирусты 4300-ден астам адам жұқтырып, 27 науқас қайтыс болған. Соңғы рет мұндай көрсеткіш мамыр айының 8-і күні тіркелген. Премьер-министр Борис Джонсон шектеу шаралары қатаңдатылып, жалпыұлттық карантин енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Өткен аптада британ үкіметі коронавирусты жұқтырғандардың өсуіне байланысты жұмыс орындары мен оқу орындарынан бөлек жерлерде 6 адамнан артық жиналуға тыйым салған. Бұл елде дертке шалдыққандардың жалпы саны 386 мыңнан асты.

Жергілікті тұрғын:

– Біз індеттен қайта-қайта оқшаулана алмаймыз. Себебі менің жолдасым ақысыз демалысқа шығарылып, жалақысын ала алмай отыр. Карантиннен қаржымыз азайып, жағдайымыз қиындап кетті. Сондықтан биліктің тағы бір рет карантин енгіземіз деуі қатты алаңдатады.

Хабар 24 телеарнасы