427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та жоғарғы соттың ең үлкен мүшесі дүние салды

  • 159
АҚШ-та жоғарғы соттың ең үлкен мүшесі дүние салды

АҚШ-та Жоғарғы соттың ең үлкен мүшесі 87 жастағы Рут Бейдер Гинзбург дүниеден озды, деп хабарлайды «Хабар 24».

27 жыл сот төрешісі болып қызмет істеген Гинзбург обыр ауруынан қайтыс болды. Ол – АҚШ тарихында Жоғарғы сот төрешісі болған екінші әйел.

Бұл лауазымға 1993 жылы Билл Клинтон кезінде тағайындалған Рут Гинзбург әйелдер құқығы үшін күрескер ретінде кеңінен танылды. Ол нәзік жандар мен ер адамдардың еңбекақысы және білімге қолжетімділігінің теңдігін қалаған. Президент Дональд Трамп оның өліміне қайғыра көңіл айтып, Гинзбургты «құқық алыбы» деді.

АҚШ-та Жоғарғы сот төрешісінің қызметі өмірлік болып табылады. Бұл мекеменің елдегі саяси жағдайға ықпалы жоғары.

Хабар 24 телеарнасы