428,10 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда «Ианос» дауылынан бірнеше өңірде төтенше жағдай жарияланды

  • 115
  • UPD: 17:21, 19.09.2020
Грекияда «Ианос» дауылынан бірнеше өңірде төтенше жағдай жарияланды

Грекияның батыс аймағына «Ианос» дауылы соғып, бірнеше өңірде төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сағатына 80 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған желден Занте, Кефалия және Итака аралдары көп зардап шекті. Дауыл үйлердің шатырларын ұшырып, талдар мен электр бағаналарын құлатып, ұялы байланыс қиындаған. Кей жерлерде ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесі бүлінген. Табиғат апатынан елдің орталық бөлігінде 1 адам қайтыс болып, 2 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Итакада дауылмен бірге жауған жаңбырдан елді мекендерді су басып, лай көшкіні қауіпі күшейген. Билік халықтан дүлей жел аяқталғанша үйден шықпауға кеңес береді.

Георгос Бугос, жергілікті тұрғын:

- Бұл жерде 37 жылдан бері тұрып келемін. Мұндай дауылды бірінші рет көруім. Түні бойы ұйықтай алмадым. Жел сарайымның шатырын ұшырып әкетті. Дауыл кешеден бері әлі тоқтатамай соғып тұр.

Хабар 24 телеарнасы