428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нидерландта шектеу шаралары қайта енгізіліп жатыр

  • 103
  • UPD: 21:12, 19.09.2020
Нидерландта шектеу шаралары қайта енгізіліп жатыр

Нидерландта індеттің күшеюіне байланысты шектеу шаралары қайта енгізіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы аптада бұл елде вирусты күн сайын 1500-ге жуық адам жұқтырған. Әсіресе, жастар арасында індеттің таралуы көбейген. Қазір ірі қалаларда дәмханалар мен барлардың түнгі 01:00-ден кейін жұмыс істеуіне тыйым салынды. Жиналған адам саны 50-ден аспау керек. Билік «шұғыл шаралар қабылданбаса, 3 аптадан кейін елде күн сайын COVID-19-ды жұқтырғандар саны 10 мыңға өсуі мүмкін» деп отыр. Нидерландта бүгінге дейін жалпы 90 мыңнан астам адам вирус жұқтырған.

Хабар 24 телеарнасы